Петропавлда 28 жастағы жігіт түнгі клубта көз жұмды
Петропавлда көңіл көтеру мекемелерінің бірінде ер адамға оқ тиді. Ол ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 ақпан күні Петропавл полициясына қаладағы көңіл көтеру орындарының бірінде ер адамның оқ жарақатын алғаны туралы хабар түскен.
28 жастағы жігіт жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Алайда ол алған жарақатынан қайтыс болды.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі "адам өлтiру" бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Жедел-іздестіру шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен Қызылжар ауданының 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бірқатар қажетті сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен