Павлодарлық әйел көңілдесі үшін баласын тастап кеткен
Павлодар облысында тұратын әйел жаңа көңілдесі үшін баласын тастап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға туралы Павлодар облысы Баянауыл ауданының полиция департаменті баяндап берді.
"Бірнеше күн бұрын бізге Лекер ауылының тұрғыны жолықты. Ол келіні бір жарым жасар баласын тастап, өзі кетіп қалғанын айтты. Анасы үш айдан бері баласын іздеп келмеген. Полиция қызметкерлері сәбидің анасын іздеп тапты. Оның өзге ауылға көшіп, басқа ер адаммен тұрып жатқаны анықталды", – дейді полиция бастығы Талғат Садықов.
Полицейлер ҚР ӘҚБК 127-бабының 1-бөлігі бойынша баланың анасына қатысты әкімшілік материал қозғады.
Сонымен қатар қамқоршылық органдары да осы мәселемен айналысып жатыр. Себебі әжесі немересінің жағдайына алаңдағандықтан заңды түрде қамқоршысы болғанын қалайды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі