Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда полицейлер мейрамханалардың бірінде өткен қыз ұзату тойының үстінен түсті

Павлодар облысының тұрғындары қаладағы мейрамханалардың біріне қонақтарды жинап, қыз ұзату тойын жасаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

той

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Сұңғат Есімхановтың айтуынша, 30 маусымда полиция департаменті қызметкерлері бар мониторингтік топ мекемеге тексеріске келіп, салтанаттың қызған кезіне тап болды.

"30 маусымда кешкісін Павлодар мейрамханасында отбасылық мерекелерді өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, 45 адамның қатысуымен" қыз ұзату " салтанатты іс-шарасын өткізу фактісі анықталды. Мейрамхана әкімшілігіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сот тәртібінде қаралатын болады", - деді мониторингтік топ мүшелері.

Мейрамхана иелеріне 100 айлық есептік көрсеткішке немесе 277 мың теңгеге дейін айыппұл салынады.

Анықталған бұзушылықтан кейін жергілікті билік павлодарлықтарға өлімге әкелетін инфекцияның жұқтыру қаупі туралы тағы бір рет ескертіп, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады.

"Карантинді алғаш рет енгізген кезде, біздің барлығымызда скептикалық көңіл-күй болды, жеке өзімнің бұған күмәнмен қараған достарым да, туыстарым да болды, бірақ өкінішке орай, қазір зардап шекпеген адам қалған жоқ деп ойлаймын. Туыстары немесе достары немесе таныстары көмек сұрайды, жедел жәрдем үлгермей жатыр, не істеуге болады дейді. Жағдайға өте байсалды қарауды өтінеміз. Кешегі қыз ұзату фактісі - бұл ақылға қонымсыз әрекет!"- деді Есімханов.

Айта кетейік, Павлодар облысында коронавируспен қатар ЖРВИ және пневмониямен ауыратын науқастар саны өсіп жатыр. Бүгінгі күні өңірде 1684 адам пневмониямен ауырады, оның ішінде 44 адам ӨЖЖ аппаратына қосылған. Ресми деректер бойынша, маусым айында бұл аурудан 27 адам көз жұмды.

Талқылау