Павлодардағы дәмхана маңындағы төбелес: Полиция ер адамды тұтқындады
Павлордарда полицейлер дәмхананың маңында төбелеске қатысқан ер адамның тұлғасын анықтап, тұтқындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер қаладағы дәмханалардың бірінің маңында болған төбелестің белсенді қатысушысын анықтап, ұстады. Ол бұрын сотталмаған.
Ер адамның сөзінше, төбелес ұрыстың салдарынан туындаған.
«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабына (Бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жәбірленуші тарап полицияға және медициналық көмекке жүгінген жоқ», - делінеді хабарламада.
Тәртіп сақшылары жәбірленгендердің тұлғасын, оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтауда.
Еске сала кетсек, Павлодардағы кафе маңындағы төбелестің видеосы желіде жарияланып кеткен еді. Ғаламторда пайда болған видео кадрлар жастар арасында жанжал туындағанын көрсетеді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды