Арасында бойжеткен де бар: Павлодарда дәмхана маңындағы төбелес видеоға түсіп қалды
Павлодардағы кафе маңындағы төбелестің видеосы желіде жарияланып кетті. Ғаламторда пайда болған видео кадрлар жастар арасында жанжал туындағанын көрсетеді.
Екі адам төбелеске белсенді қатысқан. Басқалары оларды ажыратпақ болып жүр. Төбелескендер арасында бойжеткеннің жүргені байқалады.
Мұнда жерде жатқан екі жігіт те кадрға түсіп қалды. Шамасы, түсірілім алдында олар да жанжалға қатысқан.
Бір сәтте жанжалдасушылардың бірі жолда жатқан адамға жақындап, оны тепкілей бастайды.
Не болғанын басқа куәгерлер бақылап отыр.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицияға бұл туралы ешқандай шағым түскен жоқ. Алайда қазір оқиғаның мән-жайы анықталатын бейне тексеріліп жатыр.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн