Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жағажайда жыныстық қатынасқа түскен жұп қамауға алынды

Павлодарда жағажайда жыныстық қатынасқа түскен ер мен әйел ұсталды.

2588383

Бұл туралы Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарланды.

17 маусым күні шамамен сағат 17-де Ертіс өзені жағасында 21 жастағы ер мен 28 жастағы әйел жыныстық қатынасқа түскен. Айналадағы адамдар оларға ескерту жасағанымен, жұп құлақ аспаған. Артынша демалушылар полиция шақыртқан. Ер мен әйелді полиция ұстап әкетті.

Павлодардағы арнайы ауданаралық әкімшілік сотта екеуі де кінәларын мойындап, болған іске өкінетіндерін айтып, қатаң жазаламауды сұраған.

Екеуі некеде жоқ, жұмыс та істемейді екен. Прокурор олардың әрқайсысын 10 күнге қамауға алуды сұрады.

Судья Бибігүл Алинова ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 134-бабы бойынша жұпты кінәлі деп тауып, ерді 10, ал әйелді 7 тәулікке қамауға алуға шешім шығарды.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да өзінің 4 жасар ұлын буындырып өлтірмек болған әйелге сот үкімі шықты

Үш баласы мен күйеуінен айырылып қалған әйел мүгедек қызымен жоқшылықта өмір сүріп жатыр

Алматыда 7 баласын жетектеген батыр ана бас сауғалайтын жер таппай, қаңғып жүр (фото)

Ақтөбе облысында жантүршігерлік апаттан тірі қалғандар оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Талқылау