Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш баласы мен күйеуінен айырылып қалған әйел мүгедек қызымен жоқшылықта өмір сүріп жатыр

Алматы облысының тұрғыны Гаухар Исенбаеваны тағдыр әбден сынады. Осыдан көп жыл бұрын оның отбасы түгелдей дерлік жол апатынан қайтыс болды. Әйел мүгедек қызымен жалғыз қалды. Қазір ол пәтерден пәтер іздеп, қайта қайта көшуге мәжбүр. Ал ақша табу үшін әртүрлі жұмыстар істеуге оның денсаулығы жоқ.

гаухар исенбаева

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Бұл күні Гаухар апай тағы да ауылдастары әкеп берген азық-түлік пакеттерін жайғастырды. Ол ұдайы көмек қолын созатын ауылдастарына ризашылығын білдірді. Бүгін нағыз ауызашар болатын болды деп қуанды ол. Гаухар мен оның мүгедек қызы ораза ұстап, бес уақыт намаз оқиды. Ол Аллаға деген сенімнің арқасында әлі күнге дейін жер басып жүргеніне сенімді.

«Көшеде түнеген кездеріміз де болды. Қазір Аллаға шүкір, ондай емес. Қайта көршілеріміз көмектесіп тұрады, азғантай болса да зейнетақым бар. Ауырмаған кезімде өзім қолдан келгенше жұмыс істеймін. Өмір сүруге тырысып жатырмыз», – дейді Гаухар Исенбаева.

14 жыл бұрын әйелдің күйеуі мен үш бірдей баласы жол апатынан қаза болған. Ол уақытта Гаухардың өзі құрсақтағы сәбиімен ауруханада жатқан. Басына түскен оқиғадан кейін күйзеліске ұшыраған Гаухар ақырында мүмкіндігі шектеулі қызды дүниеге әкелді.

Сол уақыттан бері жалғызбасты ана қызымен бірге пәтерден пәтерге көшіп жүр. Ал 14 жастағы Тұрар үнемі анасының жанында. Жасөспірім қыз болашақта қоғамға пайдам тисе деп армандайды.

«Тезірек жүргім келеді, өз үйіміз болса деймін. Анам қиналмаса деп армандаймын. Кейін мал дәрігері болғым келеді. Жануарларды өте жақсы көремін», – дейді Тұрар.

Құрылысшы мамандығын меңгерген Гаухар денсаулығы сыр бермегенше жұмыс істеді. Жиі аш жүргендіктен, оның асқазаны құртылған. Енді дәрігерлер оның ауыр жұмыс істеуіне тыйым салып отыр.

Қазіргі уақытта отбасы кішкентай жәрдемақыға күн көріп отыр. Олар өз баспаналарының болғанын армандайды.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда 7 баласын жетектеген батыр ана бас сауғалайтын жер таппай, қаңғып жүр (фото)

Қандасымыз Қытай үкіметінің қазақтарға істеп отырған қиянатын Елбасыға жеткізді

Атырауда туған анасы ер жетіп қалған ұлын интернатқа өткізді

Қостанай облысында ата-ана 9 жасар ұлдарын тамақ бермей аштан қатырған

Талқылау