Павлодарда полиция бөлімі бастығының орынбасары қызметкер әйелді ұрды деген күдікке ілінді
Павлодарда полиция бөлімі бастығының орынбасары қызметкер әйелді соққыға жықты деген күдікке ілінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аймақтық полиция департаментінің басшысы Василий Склярдың сөзінше, тексеріс бастауға бөлім тергеушісінен түскен арыз себеп болған.
"Менің тапсырмаммен полиция департаменті қызметтік тергеу бастады. Оқиғаның мән-жайы мен себебі тексеріс барысында анықталады", - деді Скляр.
Өз арызында қызметкер бөлім бастығының орынбасарын қол көтерді деп айыптап, жазаға тартуды сұрапты.
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады