Павлодарда кісі өлтіргені үшін сотты болған адам 5 жыл балабақшада жұмыс істеген
Павлодар облысының прокуратурасы Железин ауданының балабақшалары мен мектептерінде ауыр қылмыстары үшін сотталған адамдар жұмыс істегенін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: brestcity.com
Железин ауданында жүргізілген прокурорлық тексеріс барысында ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ психикалық аурулары бар адамдардың білім беру ұйымдарында қызмет еткені анықталды.
Мысалы, балабақшалардың бірінде кісі өлтіргені үшін сотталған адам шамамен 5 жыл жұмыс істеген.
“Бірнеше білім беру мекемелерінде ұрып-соққаны және соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылған жұмысшылар анықталды. Мұндайға еңбек заңнамасында тікелей тыйым салынған. Железин аудандық прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде жоғарыда аталған адамдар жұмыстан шығарылып, басшылары тәртіптік жазаға тартылды”, – деп хабарлады Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Прокурорлардың сөзінше, жалпы 500-ден астам кәмелетке толмаған азаматтың құқығы қорғалған.
Наурызда Шымкентте жекеменшік балабақшада 2 жасар қыздың денесін біреу тістелеп тастағанын жаздық. Әкесінің айтуынша, балабақшада қызының бүкіл денесін әлдекім тістеп тастаған. Тістеген жерінің тереңдігі сонша, баланың денесі қансыраған.
Шымкенттегі жекеменшік мектепке дейінгі мекемеде жантүршігерлік оқиға болды. Нұрбек Жармаханбет жақын жерде мұғалім болмағанын, қызына алғашқы медициналық көмек көрсетілмегенін айтты.