Павлодарлық кәсіпкер Рамазан айында ауызашарды толық төлеп берген
Аты-жөні жұмбақ болып қалуды қалаған кәсіпкер Павлодардағы Мәшһүр Жүсіп атындағы мешітінде ауызышарды толық төлеп берген. Мешітте күнделікті ауызышарға шамамен 170 адам жиналады екен. Олардың басым бөлігі жастар мен студенттер, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.
"Мәшһүр Жүсіп атындағы мешітте тамақтануға арналған үш мешіт бар. Кәсіпкер Рамазан айына жеке залды ауызашар үшін жалға алды. Мұны Құдайдың разылығы үшін жасаған, сондықтан аты-жөнін атамауды сұрады", - деді Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Бертімұратов.
Имамның сөзінше, жалға алынған залда 170 орын бар. Қайырымдылық кезінде зал лық толады дейді. Негізінен келетіндер жастар мен студенттер.
Бас имам ауыз ашарға барлығы 5 миллион 400 мың теңге жұмсалатынын атап өтті.
Сондай-ақ Рамазанның соңғы он күнінде орталық мешітте сәресін беру де жоспарланып отыр. Сәресін ұйымдастыруға өзге павлодарлық кәсіпкерлерді көмектесуге шақырды.
Талқылау

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”

"Ауаға ең күшті улы заттар тарады": Экологтар Алматыдағы қоқыс полигонының өртіне байланысты дабыл қақты
Экологист мұндай апат қандай жағдайлардың салдары екенін талдап айтып берді