Павлодарда ірі кәсіпорынды рейдерлік жолмен басып алған қылмыс әлемінің серкесі ұсталды
Павлодарда ірі өнеркәсіптік кәсіпорынды рейдерлік жолмен басып алған қылмыс әлеміндегі белді тұлға қолға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті облыс прокуратурасымен бірлесіп қылмыс әлемінің серкесін ұстады.
“Ол Павлодардағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірін рейдерлік жолмен басып алған. Сөйтіп меншік иелеріне 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірген”, – делінген хабарламада.
Күдікті Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін рейдерлік жолмен басып алу фактілері бойынша тергеу жүріп жатыр.
Бұған дейін депутат Азат Перуашев еліміздегі адал кәсіпкерлерді мүлікті қайта бөлуден қорғау керек екенін айтқан еді.
Шымкенттегі алып қашу оқиғасы: Жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді, ал қыз оны жоққа шығарып отыр
Қыз өзі келіп6 адам ұрлау фактісімен арыз жазды
Қазақстандық ер адам қолына бұрауыш тығып алып, көз жұмды: Туыстары дәрігерлердің салғырттығына шағымданды
Ер адам ауыр жарақат алғаннан кейін Ақтөбе медициналық орталығына жүгінген