Павлодарда ер адам әкесін пышақтап тастады
Павлодардағы отбасылық жанжал қайғылы жағдаймен аяқталуға сәл қалды. Жергілікті тұрғын әкесін пышақтап тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Пәтерден қорқынышты айқайды естіген көршілері полиция шақырған. Кикілжіңнің екі қатысушысы да мас болғаны анықталды.
"Оқиға орнына келген полиция қызметкері әкесі мен баласы арасында жанжал болғанын анықтады. Нәтижесінде ұлы зейнеткер әкесін пышақпен жарақаттады. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, бірінші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Павлодар облысы ПД баспасөз хатшысы Жанна Белялова.
70 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді. Қазір зейнеткер ауыр халде. Жәбірленушінің ұлы тергеу изоляторында. Ол сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
122 миллиард теңге бөлінсе де, Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу неге дамымай жатыр? Сарапшы түсіндірді
Маман қомақты қаржы бөлінгенімен, қалдықтарды өңдеуде шешілмеген мәселе көп екенін айтады
"Екі рет үйленіп ажырастым" деймін": Медеу Арынбаев марқұм жарына берген уәдесі мен жеке өмірі туралы айтты
Айгүлмен алғаш танысқанда, ол мендік болатынын бірден сезгем.