Павлодарда ата-аналар балабақшаның асханасынан шіріген тамақ пен тышқан нәжісін тапқан
Павлодар іргесіндегі мемлекеттік балабақшадан шу шықты. Мектепке дейінгі мекемеге арнайы тексеріспен кірген ата-аналар асханадан іріп-шіріген азық-түлікті анықтапты.
Ал жертөлесінде тышқанның қалдықтары табылған. Екі айдан бері ет жемеген балалардың жағдайы туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Шіріген жеміс-жидектер мен тұрып қалған көкөністер! Дәл осындай азық-түлікті балабақша әкімшілігі тәрбиеленшулердің ас мәзіріне қосып берген. Жаға ұстатарлық жәйтті балалардың ата-аналары анықтап отыр. Тіпті, мекеменің жертөлесіне кіріп барған олар жармалардың ішінен тышқанның қалдықтарын көріп, шошығандарын айтады.
«Кешке балаларымзды алған кезде балаларымыз аш, біреуінің іші ауырып жатады. Біреудің баласында тағы бір нәрсе! Біз өзіміз жеп жатқан тамақтарды көргенде, не істерімізді білмедік. Іші деген тышқанның боғы, тышқанның отравасы!» – дейді ашынған ауыл тұрғыны Маржан Бердібекова.
Балабақшада бес күнге бекітілген кестеде сиыр етінен жасалған тамақтың түрлері анық көрсетілген. Алайда, оның біреуін де балалар жемеген. Себебі, әкімшілік сиыр етінің орнына тек тауықтың етін беріп келген. Түскі асқа берілетін шәй, айран мен бәліштердің де сапасы сын көтермейді. Ал тамақтан жиіркенген балалар үйіне аш құрсақ қайтуда.
«Біздің балалар бір ай бойы ет жемеген. Менюда жазылған гуляшты тауықтан жасайды. Біздің балалар үйге аш келеді. Дұрыс тамақтанбайды. Екі қызым барып отыр осы садикке, тамақтары өте нашар! Барып қарасақ, ешқандай ет жоқ!» – ауыл тұрғыны Жанар Айғабулова.
Ал ата-аналардың шағымын мекеме басшысы да растап отыр. Тіпті, балалардың мұндай сапасыз тамақ жеуіне олардың өздері кінәлі екен. Айтуынша, шағымданушылар уақытылы балабақшаның ақшасын төлемеген. Сондықтан да мекемеде қомақты қарыз жиналған.
«Жанағы айтқан кемшіліктерді жуық арада жоямыз!” – деп уәде берді Мойылды ауылының әкімі Болат Файзуллин.
120 балаға шақталған мемлекеттік балақбаша жуырда ғана жергілікті әкімшіліктің құзырына өтіпті. Сондықтан да ауыл әкімі мәселені барынша шешіп беруге уәде берді. Тіпті, күнделікті жұмысын таңертең білім ордасына барып, балалардың не ішіп-жейтінін тексеруден бастамақ.
Тағы да оқыңыз:
Ақтөбелік қызметкерлер 8 жылдан бері әжейге азаматтық бермей, қайта тұрмысқа шығу керектігін айтқан
Өтірік өліп жатқан қасқыр өзін тепкен ер адамды талап тастады (видео)
Ақтөбелік жігіт балконға кранмен көтеріліп ғашығына сөз салды (видео)