Павлодар облысында ер адам анасының саусағын тістеп тастаған
Павлодар облысында ер адам анасының саусағын тістеп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Арызданған әйелдің 25 жастағы ұлы үйге мас күйінде келіп, ашуланып, басқаларды ұйықтатпаған. Анасы оны тыныштандыруға тырысқанда, ер адам оның саусағын қансырағанша тістеп алған.
“Келген бойда ересек әйелді көрдік. Пәтер қанға боялған еді. Басқа бөлмеден ішімдіктің иісі шыққан ашулы жігіт шықты. Жас жігіт анасына балағат сөздер айтып, саусағын тістеп тастаған”, - дейді патрульдік полиция өкілдері.
Ұсталған азамат әйелімен жанжалдасып, анасына түнеуге келгенін, бірақ үйдегі анасымен бірге тұратынын ер адамды көріп, ашуланғанын мойындады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар