Павлодар облысында 20 санитарлық бекет орнатылады
Павлодар облысының бас санитар дәрігері аймақта санитарлық посттар орнатылатыны жайлы мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Енді мұндай бекеттер өңірдің тағы үш аймағында пайда болмақ. Атап айтсақ Ертіс ауданы Ертіс ауылы (31қаңтар мен 14 ақпан аралығы), Железинск ауданы Железинск және Башмачное ауылдарында (1-15 ақпан аралығы), Успен ауданы Галицкое, Қоңыр-өзек, Қозыкөтен, Константиновка ауылдарында және Аққулы ауданында санитарлық посттар орнатылады.
Главный санитарный врач Павлодарской области в своем обращении к жителям области сообщил об установке новых санитарных постов в регионе.
Жалпы алғанда облыста барлығы жиырма санитарлық бекет орнатылмақ. Онда дене қызуы мен вирустық инфекцияның белгілері тексерілетін болады.
Бұған қоса, аймақтар арасында қозғалыс рұқсат қағазы, анықтама арқылы жүргізілмек.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік