AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Парламенттегі шу: Журналист Бекболат Тілеуханның өзіне қол көтергенін айтты

Бүгін депутат Бекболат Тілеуханның қызметінен уақытынан бұрын босатылғаны белгілі болды. Мәжіліс залынан шыққан экс-шенеунікті журналистер күтіп, сұрақ қойған. Жауап алғысы келген тілшілердің бірі Айнұр Коскина Бекболат Тілеуханның өзіне қол көтергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

бекболат тилеухан скрин

Айнұр Коскинаның айтуынша, Мәжіліс алаңында Бекболат Тілеухан телефонының штативін сындырып, басынан ұрған. Журналист шенеуніктен оның көп әйел алуға қатысты көзқарасын білгісі келген.

"Менің көп әйелім бар. Мен полигамдық некедемін және оны ешқашан жасырған емеспін. Байқауымша, сіз бұған қарсы секілдісіз. Бірақ бұл менің тағдырым", – деді экс-депутат.

Айнұр Коскина өз кезегінде Қазақстанда көп әйелдікке ресми түрде тыйым салынғанын айтқан.



"Егер сені ешкім тұрмыс құруға шақырмаса, бұған менің қандай кінәм бар?", –  деп жауап берген Тілеухан лифтіге кіріп бара жатып.

Журналист эск-депутатпен бірге лифтке кірмек болғанда ол оны итеріп жіберген.

Алайда Айнұр Коскина экс-депутатпен бірге кіріп үлгерген, тілшінің сөзінше лифтіге кірген уақытта өзіне зорлық көрсеткен. Болған оқиғаны журналист видеоға түсіріп алған.

Оқиғадан кейін журналист полицияға хабар берген. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің "Журналисттің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау" бабы бойынша арыз түсіргенін жеткізді.

Бұл кезде экс-депутат парламент ғимаратынан шығып үлгерген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр