Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Парижді қимай жыладым": Дариға Бадықова студент кезін есіне алды

Отандық актриса, әнші, кинопродюсер Дариға Бадықова өткенге шегініс жасап, студенттік жылдарын есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/

Өнер иесі осы күнге жеткені еңбекқорлық пен табандылық қасиетімнің арқасы дейді. 

“2005 жыл. Шымкент қаласы. Мен жалпы өжет болып өстім. Өзіме не керегін білетін едім. 2-курстан бастап театрда жұмыс істедім. Ойбай, студенттерге театр қайда десе де, бұйырған бақ деп білемін. 2013 жылы Парижге барып, есімнен танған едім. Себебі көп нәрсе білгім келген. Қайтқым келмей, ешкімге білдірмей жылағанмын. Көп жерде тік сөйлеп, жексұрын болатын кезім. Тіке сөйлеп, сезіп қоятын қасиетім түбіме жететін шығар. Дариға аңқау деп ойлайды. Ақ көңілдікпен шатастырады. Мені алдау мүмкін емес. Кеудем қысқанда, көп нәрсені біліп қоямын. Менің бір әдетім бар. Қырсық адамдарға еш уақытта жоламаймын және жолатпаймын. Айналып қашамын. Оны да сезіп қоямын”, – деп жазды актриса. 



Еске салайық, бүгінде ең табысты кинопродюсердің көшін бастап тұрған Дариға Бадықова жақында құны 90 миллион теңге тұратын көлік мінген еді. Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/

Айта кетейік, бұған дейін жұрт Дариға Бадықова жарнамасын жасаған заңгерге алданып қалған еді. 

Талқылау