Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулықтар пара алды деп ұсталған шенеунікті қолдап, көшеге шықты

Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла қамауға алынған еді. Оны қолдап бірнеше адам, оның ішінде мүгедек балалардың аналары көшеге шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеп. 

шенеунік

Пара алды деп күдікке ілінген шенеунік 25 наурызда ұсталған еді. Оған қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша іс қозғалған еді. Оған бірнеше рет пара алып, пара бергені үшін және алаяқтық жасағаны үшін айып тағылды.

Камидолланың тұтқындалуына қоғамдық реакция өзгеше болды. Облыстық сот ғимаратының алдына Жылыой ауданының тұрғындары жиналды. Жиналғандардың арасында мүгедек балалардың аналары да болды.

Олар Қамидолланы кем дегенде үй қамауына жіберуді талап етті. Өйткені әлі ештеңе дәлелденбеген. Кешке тағы да адамдар Атырау қалалық полиция басқармасының ғимаратына келді. Олар Қамидолланы үй қамауына алуды сұрады. Солай болды да.

Бас көтеріп шыққандар Серік Қамидолла көптеген адамдарға көмектескенін айтады.

"Біз мұнда Қамидолланы қолдауға келдік. Мен Telegram каналындағы аналар чатының әкімшісімін. Онда екі мыңға жуық адам бар. Біз Серік Қамидолла пара алды дегенге сенбейміз және бұл жала деп санаймыз. Оның басқа шенеуніктерден айырмашылығы біздің сұрағымызды жауапсыз қалдырмайтын және ол өте жауапты адам. Ол халықтың адамы. Біз оны босатуды талап етеміз", - дейді Қамидола жақтастарының бірі Сандуғаш Көкенова.


Атырау қаласына арналған 2021 жылдың ораза кестесі

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр