"Оның аруағы мені құтқарды": Сағынтаев әкесінің қалай оқ тиіп, жараланғанын айтып берді
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Арманжан Байтасовтың Youtube арнасына берген сұхбатында бірінші рет оның отбасына бірінші рет қастандық жасалмағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қарулы қылмыскермен алғашқы қақтығыс 1973 жылы болған. Ол кезде Сағынтаев он жаста еді.
"Сол кезде менің әкемді атты. Ауылда тұратынбыз. Кешке қарай қаладан қайттық. Ол кезде Жамбыл (қазіргі Тараз) деп аталатын. Әлі есімде, өйткені бағандарда шамдар жанып тұрған. Біз аулаға кірмедік. Ол уақытта "ГАЗ-69” айдап жүретінбіз. Көлікті қақпаның жанына тоқтаттық. Әкем – алдында, мен артында отырғанбыз. Кейін бірге түстік", – деді Сағынбаев басынан өткен қорқынышты жайт туралы.
Оның әкесін атпақ болған адам қақпаның артында тұрған. Артынан сот кезінде ол жақын жерден атпауға шешім қабылдағанын айтты. Себебі Әбдір Сағынтаевтың жанында баласы болғандықтан, оны аяған.
Бұдан соң Сағынтаевтың отбасы аман-есен кешкі астарын ішеді. Ұйықтар алдында әкесі даладағы дәретханаға бармақ болып сыртқа шыққан. Оны күтіп отырған қылмыскер дәретханаға өтіп кеткенін байқамаса да, қайтып келе жатқанын көрген.
"Ол жерде 50 метрдей болды. Ол шүріппені екі рет басып, қақпадан секіріп кеткен. Әкем жарақат алды. Жақын жерден атқанда өлтіріп тастайтын еді", – дейді әкім.
Бұдан соң Әбдір Сағынтаевқа аман қалып, оған ота жасалған. Бірақ 13 жылдан кейін соңғы және Ұлы Отан соғысындағы жарақаттар сыр беріп, 64 жасында қайтыс болған.
"Мен үлкен өмірге аяқ басып жатқан уақытта әкемнің ақыл-кеңестеріне мұқтаж болдым. Іштей іздеп отыратынмын. Ал соңғы оқиға кезінде әкемнің ешқайда кетпегенін түсіндім. Оның руағы мені құтқарды. Мені желеп-жебеп жүрді. Әкеме алғысым шексіз", – деді Сағынтаев.
Айта кетсек, Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімінің кортежі оқтың астында қалған. Almaty арнасының көлік жүргізушісі қайтыс болды. Әкімнің жеке жүргізушісі де жарақат алды. Бұдан бөлек, спорт және дін басқармаларының басшыларына оқ тиген.