Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түймедейді түйедей етіп жатырмыз": Депутат Ермұрат Бапи комаға түскен сарбаздың жағдайын әлдекім дүрліктіріп жатқанын айтты

Алматы маңындағы 5571 әскери бөлімінде борышын өтеген Ербаян Мұхтар былтыр желтоқсанында ми жарақатын алып, комаға түскен. Зардап шеккен сарбаздың туыстары мемлекеттен қажетті көмек көрсетілмей жатқанын айтып шағымданды. Алайда мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи бұл жағдайды жасанды түрде әлдекімдер өрбітіп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан скриншот жасалған / Депутат Ермұрат Бапи / Сарбаз Ербаян Мұхтар

Ермұрат Бапи сарбазға қатысты жанжал жасанды түрде өрбіп жатқанын, әскери немесе медицина өкілдерінің бірі әдейі теріс ақпарат таратуы мүмкін екенін айтады. Сонымен қатар әскерилер неге Ербаянға жөргек сияқты қажетті күтім құралдарымен қамтамасыз етілмейді деген журналист сұрағына пікір білдірді.

"Олар жөргекпен қамтамасыз ете алмайды?! Бұл туралы тым көп айтылған. Жөргекпен қамтамасыз ету мәселесі қандай? Олар кез келген дүкенде сатылады. Бұл жағдайдың айналасындағы қаңқу сөздерді көбейте береді. Жігіттің қиын, қайғылы жағдайға тап болғанымен келісемін. әскер немесе медицина өкілдерінің бірі бұл балаға қасақана жасап отырған секілді. Бұл мүмкін емес! Әлеуметтік желіде осындай ақпараттар тарап жатыр. Ал біз түймедейді түйедей етіп, ушықтырып жатырмыз", – деп жауап берді депутат. 

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомство сарбаздың жағдайын қадағалап, көмек көрсетуге дайын екенін, бірақ жөргек беру мәселесі еңбек министрлігі мен әкімдіктердің құзырында екенін айтқан.

Бүгін бұл оқиғаға қатысты депутат Ермұрат Бапи күмәнмен қарайтынын айтты.

Бұдан бөлек депутат әскердегі "дедовщина" деген сөзге алаңдайтын көрінеді. Ол өзінің Мәскеуде борышын өтеген 3 жылда мұндай қиындықтарға кезікпеген екен.

"Әскер қоғамның бір бөлігі болғандықтан мұндай жағдайлар болып тұрады. Алайда армияның, генералдар мен офицерлердің жауапкершілігі жойылмайды. Себебі ата-аналар балаларының сау оралуын және олардың құқықтарының сақталуын талап етуге құқылы", – деп түсіндірді Ермұрат Бапи.



Еске салайық,бұған дейін Алматы облысында әскери бөлімде жарақат алып, алты ай бойы комада жатқан сарбаздың анасы әділдік талап еткені туралы жазған едік. Содан кейін бас әскери прокуратура Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты мәлімдеме жасады. Жақында оның ауруханадан шығарылғаны айтылды. 

Талқылау