Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер жұмысына көңілі толмаған Петропавл тұрғыны аурухананы жарып жіберемін деп қорқытқан

Петропавлдық тұрғын ауруханаға кіріп, дәрігерлерді жарылғыш затпен қорқытқан. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

гранатаСолтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 28 қазан күні таңертең Петропавл қаласының 58 жастағы тұрғыны №4 емханаға гранатамен кіріп, медициналық қызметкерлерді қорқытқан.

"Полицияға қоңырау таңғы 9:10-да келіп түсті. Ауруханаға барлық полиция қызметтеркерлері жіберілді. № 4 емхана ғимаратынан медициналық қызметкерлер мен 100-ден астам пациент эвакуацияланды", - деді СҚО ПД бастығы Еңбек Сембин.

Оның айтуынша, арнайы мамандар гранатаны алып, оны контейнерге салған. Алдын ала тексеру бойынша Ф-1 гранатасының өз тұтандырғышы жоқ және жарыла алмайтын болып шықты. 

Медициналық мекемені аяғынан тік тұрғызған ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол бұл әрекетке аурухана жұмысына наразы болғаны үшін барғанын айтты. Сондай-ақ, ер адамның Ауған соғысының қатысушысы екені белгілі болды.

Оған қатысты қаруды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.

Талқылау