Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғандық жұп үйленейін деген сәтте қаза болған: Жол апатына кінәлі азаматша шартты жазаға кесілді

Алматы-Өскемен тас жолынды осы жылдың наурыз айында сұмдық жол апаты орын алған еді. Infinity көлігінің тізгінің ұстаған жүргізуші аялдамада тұрған адамдарды қағып өткен. Ғазиз Тамшыбаев пен Алена Андреева осы жазда үйленбекші болып жоспар құрған екен, алайда оқиғаның салдарынан опат болыпты. Жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші шартты мерзімге 5 жылға бас бостандығынан айырылыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақапарат агенттігі "Время" басылымына сілтеме жасап.

Талдықорғандық жұп үйленейін деген сәтте көз жұмыпты: Жол апатына кінәлі азаматша шарт ы жазаға кесілді

Бұған қоса жол апатында 14 жастағы жеткіншек қыз жарақаттанған, бірақ оның өмірін дәрігерлер аман алып қалпыты. 

Жол апатына алып келген көліктің тізгінің ұстаған әйелдің туыстары оны кешіруді өтініпті. 

"Біздің үйде қара жағдай. Біз екі бірдей жастан айырылып отырмыз. Бұл кешіретін жағдай емес. Жол апатына кінәлі әйел тек сотта ғана өз кінәсін мойнына алды. Оқиғаның салдарынан менің баламның денесі бөлшектеніп, ал Аленаның басы жұлынып кетіпті", - деді Ғазиздың анасы Тоғжан Елубаева. 

Марқұм болғандардың туыыстарының айтуынша, сот жүргізуші әйелге жеңіл жаза берген. Үйқамаққа алынған әйел жұмысқа да баруын тоқтатпаған көрінеді. 


Тағы оқыңыз:


Оқиға болған кезде әйелдің жүргізуші куәлігі мен оның басқа да құжаттары болмаған. Жәбірленуші тарап келісімге келуден бас тартса да, сот кінәлі азаматшаға 5 жыл шартты жаза тағайындап, өтемақы ретінде 3 миллион теңге төлеуге үкім шығарыпты. 

Он күн өткен соң бақилық жұптың туыстары, кінәлі азаматшаның сот бұйрығын қашан орындайын деп жатқанын білуге үйіне барғанда күтпеген жағдайға тап болыпты. 

"Бізге есікті сот отырысында мемлекеттік қызметкер - айыптаушы прокурор ашты. Ол бізді көре сала, есікті тарс жауып алды. Бірақ біз оны суретке түсіріп үлгердік. Біздің сот барысында кінәлі жүргізушіге жұмсақтылық неліктен көрсетілгенін енді түсіндік", - дейді Аленаның анасы Ольга Андреева.

Талқылау