Өзіне қол салмақ болған: Шымкентте полицейлер үш баланың әкесін ажалдан құтқарып қалды
Шымкентте 03:00 шамасында полицияға отбасылық жанжал туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлерін әйел күтіп алған. Ол күйеуінің қораға қарай бет алғанын айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.
Полицейлердің бірі ер адамды іздеуге кеткен. Ол қораға кіргенде малды байлауға арналған жіпке асылып қалған ер адамды көрген. Ер адамды көтеріп, әріптесін шақырған. Жіпті кесіп, ер адамды жерге жатқызған соң, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Дәрігерлер полицей бірнеше секундқа кешіккенде, ер адамды құтқару мүмкін болмайтынын еді дейді. Анықталғандай, 27 жастағы ер адам мұндай қадамға тұрмыстық мәселелерге байланысты барған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”