Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға БЖТ-ны қайтадан төлеуі қажет пе? Министрдің жауабы

Өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар 42500 теңге алу үшін БЖТ төлемейтін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы онлайн брифинг барысында еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Нұрымбетов айтып берді. Осы уақытқа дейін БЖТ төлемін жасаған өзін-өзі жұмыспен қамтушылар шілде айында төленетін қаржылай көмек кезінде ешқандай төлем жасамайтын болады.

"Өз бетінше жұмыспен қамтылып жүрген азаматтар 42500 теңге алу үшін БЖТ төледі. Бұл жолы төлеуді талап етпейміз. Бұл жолы тек қана өтініштеріңізде тапсыратын боласыздар. БЖТ ай сайын төлеп жүргендерге ешқандай талап қойылмайды. Төтенше жағдай кезінде төлегендерге тағы да тексеру жүргізіп, мемлекет тарапынан көмек алып, алмағанын тексеретін боламыз", - дейді министр. 

Сонымен қатар, министр жеке кәсіпкерлерге де кейбір талаптардың жеңілдетілгенін жеткізген. 

"Жеке кәсіпкерлер алдыңғы жолғы секілді өтініштерін береді. Біз олардан зейнетақы жарналарын төлеуді талап етпейміз. Бұл жерден аудан, қаладағы штабтар ол адамның жұмысы тоқтады ма, тоқтамады ма ақпарат беретін болады. Салық комитетінің мәліметі де тексеріледі", - дейді Нұрымбетов. 

Естеріңізге сала кетейік, енді 42500 теңге жәрдемақы алу үшін жалдамалы жұмысшылар үшін өтінішті жұмыс беруші беретін болады

Талқылау