"Өзімнен 11 жас кіші": Біржан Хасанғалиев алғаш рет жұбайы жайлы айтты
Атақты әнші және композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиев El.kz ақпарат агенттігінің YouTube-тегі “Базарlike” бағдарламасында әйелі мен бала-шағасы туралы ашып айтты.
©instagram.com/birjan_khassangaliev
“Мен 33 жасымда кештеу үйлендім. Болашақ жарымды көп іздедім. Ақмаржан есімді жұбайым бар. Медицина саласын бітірген. Өзімнен 11 жас кіші. Бүгінде үш баламыз бар. Үлкен қызымның аты Зере, 10 жаста, 8 жастағы Нұрсұлтан және 3 жарым жастағы Нұрескен деген екі ұлым бар. Өнер жолы, оның ішінде музыка саласы өте қиын. Мен музыканы 16 жыл оқыдым. Балаларым қазір Күләш Байсейітова атындағы музыкалық мектепте оқиды”, – дейді Біржан Хасанғалиев.
Алайда әнші балаларын өнер жолын таңдауға күштемейтінін айтты.
“Мен балаларымды музыка саласын таңдауға мәжбүрлеп жатқан жоқпын. Бастысы, жақсы білім алуы керек. Ал егер қабілеті болып тұрса, өздері “музыкант болғым келеді” деп ұсыныс тастап жатса, әрине, қолдаймыз. Музыкалық мектепке беруімнің себебі – әкем де, мен де өнер жолын таңдаған жандармыз. Сол сияқты балаларымның да өмірін музыкамен байланыстырғанын қалаймын. Бірақ өсе келе музыкаға қабілеті бар-жоғын байқаймыз. Таңдауы басқаға түссе де, балаларымды қолдаймын”, – дейді музыкант.