Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзі білмейтін адам қалай сынайды?": Николай Басков Димашты сынаған Бағым Мұхитденова жайлы не айтты

Өткен аптада Димаш Құдайберген ел аузында сөз болды. Ресейлік әншілер Димашқа сын айтқан қазақстандық продюсерлерге мін айтты. Николай Басков Димашқа сын айтқан әділқазыларды кекете сөз сөйлеген еді. 

Димаш Құдайберген ресейлік "Привет, Андрей" бағдарламасында қонақ болды. 

Бағдарлама барысында Димаштың 17 жаста орындаған әні сөз болды. 

Айта кетейік, 2013 жылы Димаш "Саз әлемі" бағдарламасына қатысып, әділқазылардан төмен баға алған еді. Бағдарламада Бағым Мұхитденова, Ринат Зайытов және басқа жұлдыздар төрелік етті. Бұл сәт ресейлік әншілердің назарынан тыс қалмады. 

"Маған ән ұнаған жоқ. Димаш, сенің кім екеніңді, даусыңның қаншалықты жоғары екенін білеміз. Оны әр әнде көрсете берудің керегі жоқ", - деді Мұхитденова. 

Ал Ринат Зайытов әннің сөзі жақсы екенін айта отырып, төмен баға берді. 

"Бұрын Витасқа ұқсаған әнші көрсек қуанатын едік, қазір қорқатын болдық. Шыңғырған дауыстыларды көрсем, қорқамын", - деді ол. 

Сыншылардың пікірі ресейлік әншілердің алдында көрсетілді. 

"Осындай адамдарды жақсы көремін", - деп кекетті Сергей Лазарев. 

"Бұл кісілер кімдер? Сыншы өзі білмей тұрып, шырқаудың, тыныс алудың, ән айтудың не екенін өзі білмей тұрып қалай сын айтуға болады? Бұл, мәселен, менің циркке барып алып акробаттарға сын айтқаныммен бірдей ғой", - деді Басков. 

Одан бөлек ресейлік әншілер Игорь Крутойды Димаштың үй жануары деп әзілдеді. Бұл ретте тележүргізуші Димаштан "үй жануарың бар ма?" деп сұраған еді. 

"Димаштың үй жануары - Игорь Крутой. Себебі Димаш онымен не істеймін десе де өзі біледі", - деді Николай Басков. 

Бағдарламадан соң қазақстандық журналист Димашты  қазақстандық өнер өкілдерін жаманатты қылды деп сын айтты. Желі қолданушыларының бірі Димашты қолдаса, бірі журналисті жақтады. 

Талқылау