Өзбекстанда бюджетті үнемдеу мақсатында 3 мың мемлекеттік қызметкер отставкаға жіберілді
Өзбекстанда мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдету мен оңтайландыруға бағытталған мемлекеттік аппаратты реформалау жалғасып жатыр. Кейінгі бір жылда Өзбекстанда шенеуніктердің саны 3 мыңға жуық адамға қысқарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Asia Today сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Бұл шешім мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін арттыру және бюджет шығындарын азайту мақсатында қабылданды. Өзбекстан үкіметі мейлінше ашық мемлекеттік басқару жүйесін құруға ұмтылып жатыр.
Реформа аясында кейбір мемлекеттік органдар жойылып, жұмыс істеп тұрған кей лауазымдар саны қысқартылды. Таратылған органдардың орнына нақты міндеттерді шешуге бағытталған жаңа, тиімдірек құрылымдар құрылды.
Шенеуніктерді қысқарту бос қаржыны әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға және экономиканы дамытуға жұмсауға да мүмкіндік береді.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"