Өзбекстан құрамасының сапында өнер көрсететін қазақ боксшы Азия чемпионатына қатысады
Бокстан Өзбекстан құрамасының сапында өнер көрсететін этникалық қазақ Мадияр Саидрахимов Азия чемпионатына қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Olympic.uz
Бокстан Азия чемпионатына қатысатын Өзбекстан ерлер құрамасы анықталды. Команда сапында этникалық қазақ Мадияр Саидрахимов та бар. Өзбекстан құрамасы барлық 13 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Этникалық қазақ Мадияр Саидрахимов 92 келіге дейінгі салмақта бақ сынамақ. Саидрахимов – 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс медаль иегері, 2019 жылғы дүниежүзілік әскерилер ойынының жеңімпазы.
Айта кетейік, бұған дейін бокстан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасы жасақталғанын жазған едік.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен

