Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзім де әке болғандықтан балаларды ойладым": Ауыр атлетикадан чемпион өрттен алты адамды қалай аман алып қалғанын баяндады

32 жастағы алматылық Даурен Рымкулов 15 тамызда қалада көпқабатты пәтерде болған өрттен алты адамды аман алып қалған. Ауыр атлетика чемпионы элиталық фитнес клубтар желісінде жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Даурен сол күні оқиға қалай өрбігенін, өзін қалай ұстағанын Stan.kz редакциясына берген сұхбатында айтып берді. 

15 жасымда ауыр атлетикадан спорт шебері атандым

6 жастан бастап ауыр атлетикамен әкем Амангелді Құрманұлы Рымқұловпен бірге шұғылдана бастадым. Ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

"15 жасымда ауыр атлетикадан спорт шебері, Қазақстан Республикасының бірнеше мәрте чемпионы,  Османалиевтің халықаралық турнирінің чемпионы, халықаралық турнирлердің жүлдегері, әлем және Азия чемпионаттарының қатысушысымын. №6 спорт мектеп-интернатын бітірдім. Қазақ туризм және спорт академиясының түлегімін", - дейді жігіт спорт жолындағы мансабы туралы.

Бүгінде отбасылы Дәуреннің үш жастағы қызы бар. Элиталық фитнес клубта  жаттықтырушы болып жұмыс істейді.

Кенеттен біреу "өрт" деп айқайлады

Отбасыммен кешкі 20:30 шамасында кешкі асқа отырдық. Біздің үстел ас үйдің терезесінің қасында, мен екінші қабатта тұрамын. Бірнеше минуттан кейін біз бір әйелдің айқайлағанын естідік. Басында түсінбей, оған ешқандай мән бермедік. Содан кейін біреу "өрт" деп айқайлады. Мен әйеліме қызымды киіндіріп, далаға жүгір деп айттым. Терезелерді жауып, құжаттарымды алдым, үстіме киім киместен көшеге шықтым. Сол кезде мен көрші подъезде 3-нші қабат терезесінен жалынды көрдім. Сол кезде әйелім маған:  "Даур, ол жақта Жасмин бар" деп айқалады. Жасмин - менің жиенім, үлкен әпкемнің қызы, ол - 19 жаста, медициналық колледжде оқиды. Үйде жалғыз қалған болатын. Мен ойланбастан заттарымды әйеліме бердім де, кіреберіске жүгірдім, екінші қабатта көк түтіннен демалу мүмкін емес.

 

Қою, қышқыл түтін көзімді ашытып, тамағымды күйдірді

Қою, қышқыл түтін көзімді ашытып, тамағымды күйдірді. Мен төмен түсіп, көшеде тұрған адамдардан киім мен су сұрадым, бетімді дымқыл киіммен жауып, мүмкіндігінше біраз ауа жинап, жоғарыға көтерілдім. 3-ші қабатқа көтерілдім, пәтердегі ашық есікті жалынды көрдім, оның жалыны қарама-қарсы көршілердің есігіне жетіп, бүкіл кеңістікті алып жатты, пәтердегі өтпе желдің кесірінен жалын бір басылып, бір көтеріліп жатты. Сәті келгенде есікті жаптым. Бақытымызға орай, есік бірінші реттен жабылды. Сол сәтте,  жоғарыда тұрған адамдар жалынның өтуіне кедергі келтірмегендіктен, төмен қарай түсе бастады. Ален мен Руслан (көршілері - ред.) адамдарды сыртқа шығаруға көмектесті. Мен 4-қабатқа көтеріліп, мүлдем тыныс ала алмадым. Жұмыстағы өрт қауіпсіздігі жаттығулары мен алғашқы әскери дайындық сабақтарын есіме түсіріп, еденге жатып, жорғалай бастадым, жиенім болған пәтер есігі ашық екенін, оның дәлізінде жарық жанғанын көрдім, бірақ қалың түтіннің салдарынан одан басқа ештеңе көрінбеді, көзім ашып кетті. 

 

Тездет, әйтпесе жанып кетеміз...

Қонақ бөлме, балалар бөлмесіне, жатын бөлмеге жорғалап кіріп, жиенімнің дауысын естідім. Ол балконда болыпты. Мен оған терең демалып, жерге жатып маған қарай жорғалап кел дедім. Жасмин қорқатынын айтты. Содан кейін оған тездет, әйтпесе жанып кетеміз деп айқалағанда ғана ол маған қарай жылжыды. Біз жерден тұрып, төменге қарай жүгірдік. Төменге түсіп бара жатып, інім Азаматты көріп қалдық, бәрін ертіп, сыртқа шықтық.

Біреудің 5-қабатта балалар қалды дегенін құлағым шалды. Жиенімді қалдырып, ініме жедел жәрдем шақыруды тапсырдым. Өзім 5-қабатқа қарай жүгіре жөнелдім. Жоғарыға көтерілген соң барлық есіктерді тоқылдата бастадым, есіктің тұтқасын түрттім, ешкім ашпады. Ол жақта көп тұра алмағандықтан, қайта төменге түстім. Далаға жүгіріп шығып, қақалып, шашала бастадым. Осы кезде жоғарда қалған балалардың анасы келді, ол балалары қалып қалғанын айтты. Мен жоғарыға қарай жүгіріп шықтым. Әлгі әйел мен көршілерім соңымнан ілесті. Әйелдің жанып жатқан пәтердің үстіндегі 4-қабаттағы пәтердің есігін ашып жатқанын көрдім. Балалар сол жақта болған екен. Біз оларды көтеріп алып, далаға тұра жүгірдік. Сыртқа шыққан соң әйел үйде күйеуінің қалғанын айтты. Оған телефон соғып шақырды, мен оған қарай қайта көтеріліп кеттім. Біз онымен кіреберісте беттесіп қалдық, шығуына көмектестім. Осы кезде жанған пәтердің терезелері шағыла бастады. 

Өрт сөндіру қызметкерлері келді. Біз есіктерін ашқандардың барлығын шығарғанымызды, қалып қойған адамдар туралы білмейтінімді айттым. Содан кейін оларға жолды тазартуға және өрт сөндіру құралдарын реттеуге көмектестім. Осы кезде полиция қызметі де келді. Бәрі мамандардың қолында екенін түсініп, бәрін соларға тапсырып, отбасыма оралдым.

 

Мен өзім не істеп жатқанымды түсінбедім...

Мен өз қауіпсіздігім туралы ойламадым. Өзім де әке болғандықтан балаларды ойладым.

Жалпы, мен төтенше жағдайлар кезінде басқаша әрекет ететінімді байқадым. Өзім не істеп жатқанымды түсінбедім.

 

Мен өзімді батыр деп санамаймын

Отбасым менің ісімді мақтан тұтады. Мен өзімді батыр деп санамаймын. Қазір адамға қарапайым көмек көрсету ерлік саналады. Бірақ мен бұл дұрыс емес.
Осы уақытқа дейін осыншама құттықтау мен алғыс алып көрмеппін. Танысы да, таныс емесі де жазып жатыр, бұл, әрине, қуаныш сылайды. 

Мені өмірде туған-туыс, жора-жолдас, отбасым, әсіресе, әйелім мен қызым ынталандырады, өмір сүруге құлшыныс сыйлайды. Жаңадан келген спортшыларға айтар кеңесім, мақсат қойып, оларға қол жеткізіңіз, бірақ сонымен бірге адам боп қалыңыз, күшіңізді дұрыс, игі іске бағыттаңыз.

 

Талқылау