"Ойнаймыз деп лашыққа алып барған": Алматы облысында 10 жастағы оқушы 7 жасар баланы зорлаған
Алматы облысының тұрғыны 7 жасар ұлының зорлық көргенін мәлімдеді. Сөзінше, оқиға 2022 жылдың жазында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Әйелдің айтуынша, 10 жастағы бала ұлын зорлаған. Ал сот баланың ата-анасына 60 мың теңге айыппұл салған. Ал баланы полиция есепке алған.
"Бұл бала менің ұлымды қорқытқан. Алдымен жаңбырдан кейін лашықта ойнаймыз деп сол жерге алып барған. Кейін шалбарын шешкізген. Ұлымның қарсылығына қарамастан ұрып тастайтынын айтып, сес көрсетіпті. Ұлым қорқым, жылаған. Кейін іш киімін де шешкізіп, еңкейіп тұрғызған", – дейді зардап шеккен баланың анасы.
Әйел соттың шешімімен келіспейді және зорлық көрсеткен баланы мәжбүрлі түрде арнайы интернатта емдетуді талап етті.
Алматы облыстық прокуратурасының өкілдері қылмыс болған уақытта бала 11 жасқа толмағандықтан жазаға тартылмағанын мәлімдеді. Мұндай жаза тек 11 жастан бастап тағайындалады екен.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті
Қазақстанда сергек жүргізушілерді полициямен келісіп әрекет етті деп айыптады: Бұл схема қалай жұмыс істейді
Сергек жүргізуші алыста тұрғанын айтып, мас қызға рөлге отырып, сәл жақындауын өтінген