AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Отбасыма көбірек көңіл бөлгім келеді": Рыпакова спорттан кету туралы сұраққа жауап берді

Токио Олимпиадасының қатысушысы, Лондон Олимпиадасының алтын жүлдегері Ольга Рыпакова алдағы жоспарлары туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Егер сізге жеңіл атлетика федерациясына басшылық лауазым ұсынылса, сол жерге барасыз ба немесе өзіңізге және отбасыңызға көбірек көңіл бөлесіз бе?" – деген сұрақ қойылды.

Жеңіл атлет өзі үшін әрдайым отбасы бірінші орында екенін айтты.

"Олар мені спортта да қолдаған еді. Әрине, бұл өте қиын. Көптеген адамдар спорт үшін қандай құрбандықтар жасайсыз деп сұрайды. Бұл менің отбасым, балаларым. Әрине, жақын арада балаларыма және отбасыма көбірек көңіл бөлгім келеді. Отбасы бірінші орында, қалғанын көре жатармыз", – деді Рыпакова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Ол спортпен байланысты барлық мәселелерді әкесімен талқылайтынын атап өтті.

"Әкем – бала кезімнен менің жаттықтырушым. Мені және спортты байланыстыратын барлық мәселелер, болашаққа жоспарлар бірлесіп талқыланады. Алдағы жоспарды әлі талқыламадық. Ертең де емес, мүмкін келесі аптада алдағы жоспарларды, болашақ өмірді талқылайтын шығармыз. Менің ойымша, бұл тез шешілуі тиіс мәселе емес. Барлығын, қалай өмір сүру керек, келесі жарыстарға жаттығу керек пе, Азия ойындарына дайындалу керек пе – нақтылайтын уақыт бар. Азия ойындарына дейін спортта қалу туралы да ұсыныстар болды", – дейді Рыпакова.

Оның айтуынша, Токио Олимпиадасына дайындық оңайға соқпаған. 

"Жарысқа баға беру қиын. Төртінші Олимпиадам, әрине, салыстыратын нәрсе көп. Кішкене қызық болды. Әдетте, стадиондағы атмосферадан, трибунадағы қайнаған энергетикадан қуат алатынмын. Бірақ менің көрсеткішіме көрермендердің жоқтығы әсер етті деп айтуға болмайды. Мен өзімнің бар күшімді көрсетемін, бар мүмкіндігінді жүзеге асырамын деп мақсат қойдым. Өзімді жақсы сезіндім. Әрине, дайындық оңай болған жоқ. Жасыңның ұлғайғаны да әсер етпей қоймайды екен. Жыл өткен сайын нәтиже де төмендей береді. Ал дайындық кезінде ескі жарақаттар сыр береді немесе тағы да кедергі келтіретін зат табылады. Өткен жылы сынға түсеміз деп ойладым. Бірақ өзім Олимпиаданың кейінге шегерілгенін құп көрдім, қосымша уақытта емделіп, дайындалуды көздедім”, – дейді Рыпакова.

Бұған қоса, ол сәтсіздігі жайлы ой қозғады.

“Ал мотивация туралы айтатын болса, өзің айналысатын спортты жаныңмен сүю керек. Сол кезде жанкүйерді қуанту үшін жұмыс істейсің. Олардың қуанышын көріп, одан әрі шыңдаласың. Басқаша болуы мүмкін емес. Әзірге, не болғанын бағалау қиын. Кейінірек бапкермен сөйлесіп, өз өнерімді тамашалап, байқайтын шығармын. Әйтеуір, бір нәрсе бөгет болды. Мүмкін, ескі жарақаттар шығар. Алайда, айтарлықтай қиындық болған жоқ. Осылай болуы керек еді”, – дейді спортшы. 

Маған қолдау көрсетіп, жанкүйер болған барлық жерлестеріме рахмет. Сіздердің қолдауларыңызды сезіндім. Алғысым зор!", - деді Рыпакова. 

Айта кетейік, бүгін Токио Олимпиадасында үш қарғып секіруде қазақстандық Ольга Рыпакова финалға шыға алмады. 

Спортшы бұған дейінгі үш Олимпиадада да жүлдегерлер қатарынан көрінді. 2008 жылы күміс, 2012 жылы алтын, 2016 жылы қола жүлдегер атанды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр