Отандастарымыз Оңтүстік Кореяда өткен олимпиададан олжалы оралды
Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер арасындағы қыстық олимпиада Қазақстан тарихындаңы ең табысты олимпиадалардың бірі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Gov.kz
Еліміздің жасөспірім спортшылары хоккейден, керлингтен және фристайл могулдан алғаш рет ел намысын қорғады.
“19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында жасөспірімдер арасындағы IV қысқы Олимпиада ойындары өтті. Бұл жарыстар Азияда алғаш рет өткізілді. Қазақстан атынан 41 спортшы қатысып, рекорд орнатты. Олар спорттың 5 түрінен бақ сынасты. Бір алтын және екі қола жеңіп алған Қазақстан қысқы жасөспірімдер олимпиада тарихындағы ең жақсы нәтижеге қол жеткізіп, жалпы есепте 20-орынға ие болды”, – делінген хабарламада.
Спортшы Илья Мизерных (214 ұпай) шаңғымен секіруден бірінші жүлдені жеңіп алып, ел қоржынына алғашқы алтынды салды. Шорт-тректен сынға түскен Полина Омельчук қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ хоккейден Ұлттық құрама Австриямен (6:5) айқаста қола медальді жеңіп алды.