Өскемен ауруханасында ер адам лифтіде қалып мерт болды
Өскемендегі Ана мен бала орталығында жантүршігерлік оқиға орын алды. Медициналық мекеменің қызметкері лифт құрбанына айналды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам ауруханада электрик болып жұмыс істеген. Лифтке кіргенде есіктер тарс жабылып, оны жауып тастады.
«Оны қысып тастады, лифт бірінші және екінші қабаттардың арасында тоқтады. Біз сервистік компанияға шағым жібердік», - деді мекеме басшысы Ермек Омарбеков.
Ол қазіргі уақытта ШҚО еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің комиссиясы тексеріп жатыр деп қосты. Қайғылы оқиға өндірістік апат ретінде қарастырылады.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған