14 жастағы қыз Өскеменнен Алматыға қашып кетіп, тұрмысқа шыққан
1 қыркүйекте қалалық полиция басқармасына 48 жастағы әйел қызының жоғалып кеткенін хабарлаған. Полиция қызметкерлері 14 жастағы жасөспірімді тауып, үйіне қайтарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдің айтуынша, оқушы қыз үйінен маусымның аяғында кетіп қалған. Анасы баласын өз бетінше іздегені де белгілі болды. Алматыдан тапқан соң, үйіне алып келмек болған. Алайда қаладан шығар тұста жанармай бекетіне тоқтаған сәтте қызы қайтадан қашып кеткен.
19 қыркүйекте жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ШҚО қылмыстық істі тексеру полициясының қызметкерлері қызды Алматыдан тапты.
"Қызбен әңгіме барысында қызметкерлер оның өз еркімен үйден кеткенін анықтады. Себебі Алматыда тұрғысы келген және сол уақытта сыған дәстүрі бойынша тұрмысқа да шығып үлгерген", – деді ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.
Тәртіп сақшылары қызды үйіне қайтарды.
"Оңай" картасының ресейлік "Золотая корона" жүйесімен қандай байланысы бар: Алматы әкімдігі түсініктеме берді
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды