Өскемендегі супермаркеттердің бірінде ер адам балаға шабуыл жасаған
Өскемендегі супермаркеттердің бірінде ер адам баланы балағаттап, кейін қылқындырған. Бұл туралы зардап шеккен баланың анасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Altaynews.kz басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегі жазбаға сәйкес, ер адам алдымен баланы балағаттаған. Артынша мойнынан ұстап, қылқындыра бастайды. Мұны көрген өзге келушілердің айқайынан кейін ол баланы жібере салған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Шабуыл жасаған ер адамның психикалық дертке шалдыққаны анықталды.
"Арыз бойынша аталған азамат ұсталып, психоневрологиялық диспансер бөліміне тапсырылды", – делінген ШҚО полиция департаментінің хабарламасында.
Басылымның мәліметінше, баланың анасы психикалық дертке шалдыққан адамды қалай ауруханадан босатып жібергенін түсінбейді. Әйел прокуратураға медициналық мекемені тексеру туралы арыз жазған.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған