Өскеменде полицейлерден қашқан ер адам 5-інші қабаттан құлап кетті (видео)
Өскеменде полицейлерден қашып, жасырынбақ болған ер адам 5-інші қабаттан құлап кетті. Танысы екеуі бірге тәртіп сақшыларына пәтердің есішін ашқысы келмей, қашып кетуді ұйғарған.
Бұл туралы YK.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Өскеменде көпқабатты үй тұрғындары көршілес пәтердегі шуға шағымданып, полицейлерді шақырған.
«Тәртіп сақшылары келіп, есік қаққан. Ішінде пәтер иесі мен 1984 жылы дүниеге келген қонақ болған. Қонақ балкон арқылы пәтерден шығып кетпек болған. Алайда құлап кеткен. Полиция базасы бойынша, ол сотталмаған», – дейді ШҚО ІІД қызметкері.
Жарақат алғанер адам ауруханаға жеткізілді. Ол полицейлерден қашуының себебін түсіндіріп бере алмады. Ал сараптама ер адамның оқиға кезінде мас болғанын анықтады.
Сонымен қатар пәтер иесі де мас болған. Ол да полицелерден қашу үшін балконнан секірмек болғанымен, 4-інші қабатта ілініп қалды. Тәртіп сақшылары оны шығарып алды.
Оқи отырыңыз:
Өскеменде автобус аялдамасынан зейнеткердің денесі табылды
Өскеменде анасы ұлын құтқару үшін Ертіс өзеніне секірді
Әкесін өлтірген қостанайлық бойжеткен сот залынан босатылды
Енесін өлтіріп сотталған: Әкімдіктегілер үш күн бойы көшеде түнеген әйелдің тағдырын баяндады