Өскеменде құтқарушылар жол апатынан зардап шеккендерді көліктен шығарып алды (видео)
Өскеменде жол апатынан зардап шеккен адамды құтқару үшін көлікті "кесіп" тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Бейнеден алынды
Желіде Өскеменде болған жол апатынан зардап шеккендерді құтқару сәтінен түсірілген видео тарады.
"22 қыркүйекте құтқарушыларға Бажова көшесінде жол-көлік оқиғасының орын алғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері аяғы қысылып қалған жолаушыны шығару үшін көлікті кесіп тастады", – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен жедел жәрдем көлігінің тұғырын ашып, зардап шегушіні босатып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген
"1 миллион 200 мың теңге сұрады”: Қазақстандық мұғалімдер мектепке жұмысқа тұру ақша сұрайтынын айтып наразы болды
Айман: "Олардың өз схемасы бар, ақшаны делдалдар арқылы қолма-қол сұратады"