Өскеменде әйел куәгерлердің көзінше өзіне қол жұмсамақ болды
Өскеменде 40 жастағы әйел қала тұрғындарын алаңдатты. Ол куәгерлердің көзінше өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Құтқарушылар әйелді соңғы минутта аман алып қалды.
Қазір дәрігерлер мен полицейлер әйелмен жұмыс істеп жатыр. Оның не үшін өзіне қол салғысы келгені әлі де анықталуда.
“Шақыру орнына келіп, әйелдің үшінші қабаттағы балкон конструкциясына асылып тұрғаны анықталды. Құтқарушылар төртінші қабатқа көтерілуге шешім қабылдады. Құтқару арқанының көмегімен зардап шегушіні құтқару полотносына түсірді. Әйелді эвакуациялады. Қазіргі уақытта жағдайдың себебі анықталуда”, – деді ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Болат Нұрдыбаев.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"