Өскеменде ағаштар мерзімінен бұрын сарғайып жатыр: Экологтар дабыл қақты
Өскеменде ағаштар мерзімінен бұрын сарғайып жатыр. Қала тұрғындары бұған өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары кінәлі деп санайды. Өйткені дәл сол металлургия зауытының жанындағы өсімдіктердің жапырақтары қурап қалған. Тағы бір нұсқа – зиянды жәндіктердің шабуылы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Бір қызығы, өсімдіктер бір күнде және бір аймақта ғана сарғайып кетті. Экологтар зерттеу үшін жапырақтарын алды. Әзірге олардың көзқарасы бойынша қорытынды жасауға ерте. Нақты себебін анықтау үшін фитоэкспертиза жүргізу керек, бірақ облыс орталығында мұндай зертхана жоқ. Сарапшылар мұндай қысқа мерзімде сарғайған ағаштардың көпшілігі тіршілігін одан ары жалғастырмауы мүмк
"Ағаштардың өздері, топырақ тексерілді. Сарғаюдың нұсқалары өте көп болуы мүмкін. Оның ішінде техногендік сипаттағы әсер де жоққа шығарылмайды. Бірақ бұл нұсқаны растау үшін зертханалық зерттеулер қажет. Зертханалық талдаусыз бұл газдың не техногендік әсер деп айтуға болмайды", - деді экологиялық қауіпсіздік орталығының қызметкері Елена Полянцева.
"Сотқа дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді