Өртке оранған кемеден акулаларға толы суға секірген жолаушылар видеоға түсіп қалды
Туристік кеменің жолаушылары акулаларға толы суға секіруге мәжбүр болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға түнде Галапагостік аралдарда саяхаттаған кемеде орын алды. Лиза Бартли есімді турист түсірген видеодан адамдардың түтінге оранған кемеден қалай секіріп жатқанын көруге болады. Олардың үстінде суға батып кетуге жол бермейтін жилеттер бар.
"Акулалары бар суға секіру керек пе әлде жанып жатқан суда қалу қажет пе? Не істерімді білмедім", — деп есіне алды әйел.
16 жолаушы және экипаждың 11 мүшесі теңізге секірді. Алайда, олар суға түскеннен кейін адамдарды құтқаруға арналған кеменің дайын емес екені белгілі болды. Туристтер қараңғыда бір сағат жүзді. Осыдан кейін туристерге көмек көрсетіліп, олар жағалауға жеткізілді. Куәгерлердің сөзінше өрт кеменің машина бөлімінде болған. Әйтсе де, оның неден шыққаны белгісіз.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды