Орынбасарларымның барлығы ер адамдар: Гүлшара Әбдіқалықова әкім болудың қаншалықты қиын екенін айтты
Қызылорда облысының басшысы Гүлшара Әбдіқалықова орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында әйел үшін бір аймақты басқарудың қаншалықты қиын екенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қиын кезең Қызылорда облысына ғана емес, жалпы Қазақстанға әсер етті. Коронавирустық пандемияға байланысты жұмыс мөлшері бірнеше есе артты. Бірақ барлық қиындықтарды бірге жеңу керек. Біз бәріміз бірге жұмыс жасаймыз. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдары, ардагерлермен бірлескен жұмыс жүргізу арқылы қиындықтарды еңсеріп отырмыз", - деді әкім.
Сонымен қатар, әкім басты міндеттерді атап, қазіргі таңда қандай жұмыстар жасалып жатқанын жеткізді.
"Менің орынбасарларымның барлығы ер адамдар. Барлығы, тәжірибелі мамандар", - деді әкім.
Естеріңізге сала кетейік, Гүлшара Әбдіқалықова бұл қызметке осы жылдың наурыз айының соңында тағайындалған болатын.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен