"Ордабасы" командасы Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчын өткізеді
Бүгін “Ордабасы” футбол клубы Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчын өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүгін Ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыберген бастаған шымкенттік команда Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі матчын өткізеді. Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің 3-тобына түскен “Ордабасы” командасы Молдованың "Петрокуб" командасына қарсы ойнайды. Шымкент қаласында өтетін матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал қарымта матч 17 шілде күні Молдовада өтеді.
Айта кетейік, "Ордабасы" футбол клубы өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының іріктеуінде ойнайды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"

