"Зорлықпен өлтірілген": Оралға жақын жердегі қоқыс полигонынан ер адамның мәйіті табылды
Круглоозерное ауылы маңындағы қоқыс полигонынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап.

Полиция бұл ақпаратты растады.
“Зачаганск полиция бөлімінің байланыс орталығына мәйіт табылды деген хабар келіп түсті. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр”, – деп хабарлады полицейлер.
Кейіннен БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның 21 қыркүйек күні сағат 19:05-те Оралға қарасты Круглоозерный кенті шетінде болғанын мәлім етті.
"Қоқыс арасынан зорлықпен өлтірілген азиат пішіндес, жасы 30-35-тердегі ер адамның мүрдесі табылды. Кейін оның Казталов ауданының 32 жастағы тұрғыны екені анықталды. Көп ұзамай осы аса ауыр қылмысты жасады деген күдікпен 1999 жылғы тұрғын ұсталды. Қазір бұл дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады ведомство.
2026 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Кімді табыс күтіп тұр, кімдерге үйленуге қолайлы
Жылжымайтын мүлік рәсімдеуде мұқият болып, үлкен заттар сатып алуға асықпаңыз
2026 жылдан бастап Қазақстанда қандай саяси өзгерістер болады – Сарапшылар пікірі
Саясаттанушылар биыл ел саясатындағы болған өзгерістерге тоқталды