Оралда жас жігіт 36 жастағы әйелді зорлап тастады
Оралда 36 жастағы әйелді зорлап кетті. Күдікті бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрліктің хабарлауынша, 8 қаңтарда шамамен таңғы сағат 3-те 25 жастағы жігіт үйінде 36 жастағы әйелді зорлаған. Бұрын ер адам мүліктік сипаттағы қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Қазіргі уақытта Орал полиция бөлімі осы факт бойынша «Зорлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған