Оралда сатушының отырғанына қарамастан, әйнекті сындырған ұры видеоға түсіп қалды
Орал қаласында озбыр ұрының әрекеті видеоға түсіп қалды. Жас жігіт ұялы телефон сататын дүкенге кіріп, сатушының тұрғанына қарамастан, әйнекті сындырған. Ол қолына түскен 4 телефонды алып, сыртқа шығып кеткен.

"Дүкен иесі келтірілген шығын көлемі 480 мың теңгеге жуық екенін мәлімдеді. Аталған азамат ізін суытпай ұсталды. Ол 1996 жылы туған қала тұрғыны. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы 1-бөлігі (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті