"Самұрық-Қазына" қорының үшінші креативті хабы Оралда ашылды
Жобаға компаниялар тобының қайырымдылық операторы - "Samruk-Kazyna Trust" қоры 211 миллион теңге бөлді. Бұл қаржы ғимараттың дизайнына, кеңістікті заманауи жиһазбен және жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықтауға жұмсалды.

Нәтижесінде "OzgeEpic Oral" хабында театр және көрме залдары, музыкалық, анимациялық дыбыс жазу студиялары, коворкинг алаңдары мен білім беру аймақтары пайда болды. Мұнда шеберлік сабақтары, көрмелер мен мәдени іс-шаралар тұрақты түрде өтіп, жаңа жобалар жүзеге асырылады.

"Самұрық-Қазына" қорының қолдауымен осыған дейін креативті орталықтар Ақтөбе мен Петропавлда ашылды.
Соңғы төрт жылда "Самұрық-Қазына" қорының компаниялар тобы атынан БҚО-да 1,5 млрд теңге болатын 16 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

Атап өтейік, креативті хаб Мәдениет және ақпарат министрлігі және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі бастамасымен, "Самұрық-Қазына" қолдауымен және "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В." компанияларының серіктестігі негізінде ашылды.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"