Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда қалдықтарға арналған полигондағы өртті сөндіру үшін 6 мың тонна топырақ төгілген

27 тамызда Батыс Қазақстан облысы Асан ауылы маңында ірі қалдықтарға арналған полигонда өрт шыққан. Қою түтін Орал қаласына тараған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап. 

полигон

Орал әкімдігі өкілдерінің мәліметіне сәйкес, белгісіз біреулер түсті металл алу үшін "Жайық Таза қала" ЖШС карьерінің аумағында кабель жаққан. Салдарынан құрғақ шөп пен талдар өртеніп, жалын полигонға тарап кеткен. Өртенген аумақ шамамен 1 гектар. Тұрғын үй аумақтарына қауіп жоқ. 

31 тамызда БҚО Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Рашид Блялов өрт сөндіру жұмыстарының жалғасып жатқанын мәлімдеді. 

"Біздің қызметкерлер кабель өртеген орынды тапты, материалдар жиналып, Орал полиция басқармасына кінәлілерді анықтау үшін берілді", – деп түсіндірді ол.

"Жайық Таза қала" ЖШС полигоны 2003 жылы ашылған. Жалпы аумағы 10 гектар, тереңдігі 6 метрден асады. Бұл күнге дейін полигонға қатты тұрмыстық қалдықтар, жапырақтар мен ағаштар төгілген. Өтті ауыздықтау үшін бір гектар аумақты топырақпен жабу қажет. 

"27 тамыздан бастап "Жайық Таза қала" ЖШС мен ТЖД қызметкерлері екі ауысыммен өртті сөндіріп жатыр. "Жайық Таза қала" ЖШС ауысымынан 38 бірлік техника мен жеке құрамның 45 қызметкері, ТЖД ауысымында 5 бірлік техника мен жеке құрамның 25 қызметкері бар", – деп толықтырды Ращид Блялов. 

Спикер 31 тамызға дейін 6 383 тонна топырақ төгіліп, 2 054 тонна су берілген. 

Талқылау