Оралда ер адам ғашығын қызының көзінше пышақтап тастады
Оралда 37 жастағы азамат қызғаныштан сүйіктісін тепкілеп пышақтап тастады. Қазір 36 жастағы жәбірленуші жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Бірақ дүкеннен шыға бергенде тәртіп сақшысының көзіне түсіп ұсталып қалады.
Ол Ақтөбе қаласының 37 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның жәбірленушімен бірнеше жылдан бері байланысы болып, Оралға жиі келіп жүрген. Сол күні кезекті мәрте сүйктісін іздеп келген беті екен.
Полиция күдіктінің бұл қадамға баруына қызғаныш себеп болған дейді. Қылмыс жасаған кезде мас болыпты. Ғашығын мерт қыла жаздаған Ақтөбе тұрғыны қамауға алынды. Ал жәбірленуші жансақтау бөлімінде жатыр.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген