Оралда автобус жүргізушілерінің төбелесі видеоға түсіп қалды
Оралда қоғамдық көлік жүргізушілерінің төбелесі видеоға түсіп қалды. Жол ортасында төбелескен азаматтар көлік қозғаласына кедергі келтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 10 ақпанда таңертең Абай даңғылында болған. Видео авторының сөзінше, бұл уақытта ол жұмысқа бара жатқан.
"Төбелеске автобус жүргізушісі қатысты. Жол ақысы 80 теңге екенін ескерсек, олар 80 теңге үшін жанжалдасқандай көрінеді", – деп айтты оқиға куәгері.
Ер адамдарды жол қозғалысына бөгет жасағандықтан өзге көлік жүргізушілері ажыратқан. Қазір полицейлер тәртіп бұзғандарды іздестіруде.
"Төбелес қатысушыларының ешқайсы құқық қорғау органдарына шағымданбаған. Тәртіп бұзушылардың жеке тұлғасы анықталып, жауапқа тартылады", - деді БҚО полиция департаментіндегілер.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған