Оралда 50 мың теңге пара алған экс-полицей 7 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді
Оралда пара алды деген күдікпен қамауға алынған қалалық көші-қон полициясы басқармасы бөлімінің экс-бастығы Қанат Мұқановқа қатысты сот үкімі шықты. Экс-полицей сәуір айында 50 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталған еді. Іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы ("Пара алу") бабы бойынша қаралды. Прокурор Мұқановты 4,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

"Үкім заңдық күшіне енгенге дейін бұлтартпау шарасы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа алмастырылсын және Мұқанов қамаудан шұғыл босатылсын", - деді Исмайлов.
Сотталушы айыппұлды бір айдың ішінде төлеуі керек. Келісімді орындамаған жағдайда, үкім бас бостандығынан шектеуге ауыстырылады.
Сонымен қатар, судья бұған дейін Мұқановтың полиция подполковнигі шенінен айырылғанын атап өтіп, мемлекет есебіне 50 мың теңге төлеуге міндеттеді.